«№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» «Мен өмірді сүйемін!» тақырыбында өткізілген тренинг
«№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы»
«Мен өмірді сүйемін!» тақырыбында өткізілген тренинг
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2020 жылдың 10 қыркүйек күні «Мен өмірді сүйемін!» тақырыбында тренинг ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өмірге деген құштарлығын , қызығушылығын ояту. Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей білуге , өмірді бағалай білуге тәрбиелеу, өмірден өз орындарын таба біліп , айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету. «Мен және өмір» жаттығуы. Нұсқау: - Балалар, бәріміз ортаға шығып, жылылық шеңберін құрайық. Оқушылар шеңберге тұрып, мысалы «Мен, Айбол өмірде бақыттымын» дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады.
«Өмір» жаттығуы. Шарты: «Өмір» деген сөзге ассосация жасай отырып, әр әріпті жеке-жеке талдау. Мысалы: өмір-өзен, өмір-мейірім, өмір-ірге тас, өмір-рахат.Өмір- өзен...Өмір-м...Өмір-і...Өмір-р...
«Мен бақытты боламын» жаттығуы. Бетімізге самал жел лебі еседі. Кенеттен баяу жел соғады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады. (Қолдарын жан-жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды. Гүлдер тоңып, бүрісіп, жабылады. (Қолдарын тізе үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта күннің көзі күлімдеп, жайнап шығады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды. Міне, осы исі аңқыған гүлдеріңді ең жақын, ең жақсы достарыңызға тілек айтып сыйлаңыздар. Біз өмірді сүйеміз!