«Жасөспірім және заң» семинар-тренинг
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2021 жылдың 2 ақпан күні «Жасөспірім және заң» тақырыбында 9 «а,б,в,г» сынып оқушылармен семинар-тренинг өткізілді. Мақсаты: : оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу. Семинар-тренинг барысында мектебіміздің қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Дүйсебай Біржан оқушыларға «Құқық туралы түсінік» туралы дәріс оқыды. Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі.Сондықтан негізгі заңды елдің туы ,әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу ,құрметтеу – біздің парызымыз» деген болатын.Сонымен қатар мектеп психологы Олжабай Елнура “Өрмекші торы” жаттығуын жүргізді. Тренинг барысында оқушылардың достарына айтар тілегін, қошеметін,жағымды қылықтарын білдіріп, жіпті саусақтарына іліп, өрмек тоқылды. Оқушылардың эмоционалды көңіл-күйлері көтерілді.