20
март
2021
"Bauyrsaq Party"
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында мектептің тәрбие жоспарына және Наурыз мейрамын өткізу тұжырымдамасына сәйкес, қазақ халқының ұлттық бренді - бауырсақтың түрлерін насихаттау мақсатында "Bauyrsaq Party" болып өтті. Қып- қызыл болып піскен бауырсақтарды, томпиып, торсиып дастарханның сəнін келтіретін шай бауырсақ, ши бауырсақ, жол бауырсақ, май бауырсақ, кеспе бауырсақ , ашыған бауырсақ түрлерін оқушылар көрсетіп, жасалу жолдарымен таныстырды. Ыстық бауырсақтар көрермендерге таратылды.