23
март
2021
Бөлме гүлдері
№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мектептің тәрбие жоспарына сай, балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында, "Қазақстан балалары көктем шақырады" көктемгі демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша ұсыныстарға сәйкес 6 «А» сынып оқушылары бөлме гүлдеріне күтім жасап, көшеттерге тұқым отырғызды. Жақындарына көмек көрсеткенде, өсімдіктерге күтім жасаған кезде балалардың бойында адам мен табиғат бір-бірімен байланысты, сондықтан табиғатқа деген қамқорлық - адамға, оның болашағына деген қамқорлық деген тұжырым қалыптасады.