23
апрель
2021
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған кітаптарды таныстыру библиофреші
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының тәрбие жоспарына сәйкес, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған кітаптарды таныстыру библиофреш өткізілді. Іс-шара барысында Елбасы Н.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында аударылып, басып шығарылған 8 оқулық білім алушыларға таныстырылды. Таныстырылған оқулықтар жеке тұлға және маман ретінде қалыптасуына зор ықпал ететін білім салалары екендігін, қоғамдағы азаматтық ұстаным, моральдық құндылық, ар-ождан негіздерін қалайтындығын, адамның өзіне, айналасына, елге деген көзқарасын қалыптастыруға көмек беретін құрал екенін, әлемнің қалай ойлап, нені құнды, нені дұрыс, нені бұрыс деп білетінін ескере отырып, өз бағытымызды анықтауда қателеспей, өзіміздің қазақстандық жолымыздан жаңылмауымыз қажеттілігін білді