25
декабрь
2017
мерекелік іс шара
«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты мектепшілік мәнерлеп оқу сайысының анықтама
Өткізілетін орны: Акт залы Өткізілетін күні: 13.12.2017 жылы
Мақсаты: Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өздерінің елі, халқы үшін, жері үшін құрбан болған батырлардың ерлігі, оқушыларды елін, тұған жерін халқын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу. Оқушының тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін шыңдау, мәнерлеп оқуға баулу, ой- өрісін кеңейту.
Желтоқсанның 13-і мектебімізде Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты оқушыларға Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өздерінің елі, халқы үшін, жері үшін құрбан болған батырлардың ерлігі, оқушыларды елін, тұған жерін халқын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу. Оқушының тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін шыңдау, мәнерлеп оқуға баулу, ой- өрісін кеңейту.
Іс-шараға 1-11 орыс сыныптары мен қазақ сыныптарының оқушылары қатысты. Сайысқа барлығы 42 оқушы қатысты. Оқушыларға тәуелсіздік, Астана туралы жырлаған ақындардың өлеңдері берілген еді.
Сайыс барысы өте қызықты және тартымды болды. Әр оқушы өзінше өлеңді нақышына келтіріп жан тәнімен оқуға тырысты. Өзге ұлт өкілдері де белсенділік танытып, қаншалықты мемлекеттік тілді меңгергендіктерін дәлелдеуге тырысты. Нәтижесінде бірінші орынды бастауыш сыныптары арасында 1 «Б» сынып оқушысы Қурманбек Раяна , 6 «А» сынып оқушысы Маулен Шапағат, 10«А» сынып оқушысы Жақып Мирас иеленді.
Сәйкесінше екінші орынды бастауыш сынып оқушысы 2 «А» Жумабек Нұртас және Маматова Элиф 3«Б»,5«В» сынып оқушысы Мамедова Зейнап және Мұхамет Данияр,8«А» сынып оқушысы Нурмаш Ұлпан.Үшінші орынды 2 «Б» сынып оқушысы Хамитова Айлин және 3 «Б» Қазбек Нурдина бөліссе, орта буынан 5 «А» сынып оқушысы Ильясжан Бағым және 6«А» сынып оқушысы Райымжан Нурай, жоғары буынан 7 «В» Мустафаева Чичек, 8 «В» Ниязова Эмина және 11 «А» сынып Кәкішева Айдана оқушылар иеленді.
Тіл ұлттың жаны, халықтығыңның асыл белгісі намысы, тыныс-тіршілігіңнің көзі, Ата заңымен қорғалатын еркіндігінің үні. Ынтымағы жарасқан халықтардың бесігі болған шуақты Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қызы көп болғай!