Қамқоршылық кеңесі. Хаттама №7 » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңесі. Хаттама №7
14
ноябрь
2018

Қамқоршылық кеңесі. Хаттама №7

№1 жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңесінің №7 хаттамасы
Сармолдаев ауылы 15 тамыз 2018 жыл

Отырыс өткен орын: №1 жалпы білім беретін мектебі, мектептің акт залы

Қатысқандар: 1.Л.Шагатаева(«Нұрлыбақ» – Қамқоршылық кеңесінің төрайымы
2. С.Абишов(жеке кәсіпкер) – мүшесі
3. Б.Мырзакулов(жеке кәсіпкер) – мүшесі
4. Г. Конкабаева кәсіпкер
5. А.Жақан (ата-ана) – мүшесі
6.Р.Қойлыбаева (ата-ана қоғамдық кеңесінің төрайымы) – мүшесі_7.А.Мустафаева (ата-ана) – мүшесі
8. Е.Құдайбергенов (ата-ана) – мүше 9. Ж.Абенова (ата-ана) – мүшесі


Күн тәртібінде қаралған мәселе:

1. 2018-2019 оқу жылында білім ошағында жоспарланып атқарылатын жұмыстарды қадағалап, тиімді атқарылуына ықпал жасау мақсатында №1 жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттілік мерзімін анықтау.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығындағы талаптарды орындау.
3. Дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру жұмысы барысымен танысу
Тыңдалды:


Бірінші мәселе бойынша Шагатаева Лайля Қамқоршылық кеңесінің төрайымы сөз алды

Отырысқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 2 сәуірдегі №123 бұйрығы негізінде 2018 жылдың сәуірінде сайланып бекітілген №1 жалпы білім беретін мектебі жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес мүшелерінің барлығы қатысты. Кеңес отырысының 2018 жылғы 21 ақпандағы шешімі мен жоғарыда аталған үлгілік қағидағаның жалпы ережелерінің 2 тараудағы 5-13 аралығындағы пунктерде көрсетілген талаптарға сай коммерциялық емес ұйым өкілі Шагатаева Лайля «Нұрлыбақ» б/б басшысы – Қамқоршылық кеңесінің төрайымы өкілеттілігі; жеке : Абишов Сабыр, Мырзакулов Бақберген , Конкабаева Ғалия, білім алушылардың ата-аналар тобынан Айнур Жақан, мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Қойлыбаева Роза ата-ана қоғамдық кеңесінің төрайымы, білім алушылардың ата-аналар тобынан Мустафаева Алия,Құдайбергенов Ербол мүшелік өкілеттілігі 2018 жылдың соңына дейін ұзартылып белгіленді.
Ереженің 13 пунктінің талабына сай қамқоршылық кеңестің хатшысы болып білім беру ұйымының қызметкері, білім ошағы бойынша түрлі санаттағы білім алушылармен атқарылатын жұмысқа жауапты маман, №1 жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы Ойшиева Акмарал сайланды.
Кеңес мүшелерінің құрамы ашық дауыс беру жолымен өтті.
Екінші мәселе бойынша ДТЖО Айтбаева Айнур сөз алды
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (41,49,51-баптары), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрықтарында көзделген талаптарға: міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар негізінде мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтындығы және кез келген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді (хиджап,никап,бурка,паранжа т.б), сондай-ақ кез келген діни атрибуткаларды киюге тыйым салынатындығы (БҒМ 14.01.2016жылғы №26 бұйрықтың 13 тармағы) жөнінде, мектеп Жарғысы мен мектептің ішкі тәртіп Ережелерімен және мектеп пен ата-ана арасындағы келісім-шарт (ҚР Үкіметіні 10/05.2018ж №254 қаулысының 5 пункт) мазмұнымен таныстырды.Сондай-ақ, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды 2018-2019 оқу жылында ата-аналар комитеттері мен «Қамқоршылық» кеңестерімен бірлесіп жұмыс атқару қажет екендігін айтып өтті. Мектеп формасы туралы сұрақты талқылауға қатысуға және оны жетілдіруге ұсыныс енгізуге ата-аналардың құқығы бар екендігіне тоқталды. Мектеп формасын Тараз қаласындағы отандық мектеп формасын шығаратынын (ТОО «Нұр шуақ») мектеп формасының: «Ұлдардың мектеп формасы: сұр түсті пиджак, жилет,қара шалбар, ақ көйлек. Қыздардың мектеп формасы: сұр түсті пиджак, жилет, юбка үлгілерін көрсетіп, киім бағалары туралы айтып өтті.
Үшінші мәселе бойынша мектеп директоры А.Алтынбаева 2018-2019 оқу жылында «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы жоспар құрылып,бұйрық қабылданғанын айта келе, акцияның алғашқы онкүндігінде мектеп ұжымының демеушілігімен аз қамтылған,көп балалы отбасынан шыққан 1 қыз, 1 ұл бала оқушыға 25000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіліп, оларға мектеп формасы мен оқу құралдары алып берілгені туралы баяндады.Отырыста аталған іс-шара барысын алдағы уақытта да қадағалап, жұмысты жандандыру, акцияға демеушілерді тарту мәселесі талқыланды.
Шешім:

1. 9 адамнан құралып бекітілген №» жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттілігі 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
2. Қамқоршылық кеңестің хатшысы № жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы Ойшиева Акмарал бекітілсін.
3. Білім ошағында аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасынан шыққан, жетім, жартылай жетім мәртебесінде тәрбиеленіп білім алып отырған балалардың тізімдері анықталып, аталған санаттағы балаларға 2018-2019 оқу жылында ұйымдастырылып отырған дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» және басқа да қайырымдылық акциялар аясында көмек көрсетілуі Қамқоршылық кеңес тарапынан жыл бойы қадағалансын.
4. Аталған іс-шараларға демеушілерді тарту жұмысы жандандырылсын.
5. Жалпы 2018-2019 оқу жылында үлгілік қағиданың 3 тарауында көрсетілген кеңеске берілген өкілеттілікке сай жұмыстар жыл бойы атқарылып, қадағалансын.
6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығындағы талаптарды оқушылардың орындауы жаңа оқу жылында мектеп әкімшілігі тарапынан қатаң қадағалансын.
Қамқоршылық кеңес төрайымы:
1.Л.Шагатаева _________________
Кеңес мүшелері:
2. С.Абишов(жеке кәсіпкер) – мүшесі ______________________
3. Б.Мырзакулов(жеке кәсіпкер) – мүшесі __________________
4. Г. Конкабаева (жеке кәсіпкер) –хатшы__________________
5. А.Жақан (ата-ана) – мүшесі_______________________
6.Р.Қойлыбаева (ата-ана қоғамдық кеңесінің төрайымы) – мүшесі___________________
7.А.Мустафаева (ата-ана) – мүшесі____________________
8. Е.Құдайбергенов (ата-ана) – мүшесі__________________
9. Ж.Абенова (ата-ана) – мүшесі____________________________________

Хатшы әлеуметтік педагог Ойшиева А





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив