Қамқоршылық кеңесі » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңесі
09
ноябрь
2018

Қамқоршылық кеңесі

Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№1 Жалпы білім беретін мектебі
Қамқоршылық кеңесі


ХАТТАМА ( кезектен тыс)
«_03_»____10_____2018ж

Қамқоршылық кеңесінің жиналысы
Қамқорлық кеңес төрайымы: Шагатаева Л
Қатысқандар: _17__________
Күн тәртібінде:
1. Мектеп директоры А.А. Алтынбаеваның 2017-2018 оқу жылындағы оқу тәрбие жұмыстарына есеп беруі .
Тыңдалды
1- мәселе бойынша мектеп директоры А.А.Алтынбаева cөз алды.
Н.Ә.Назарбаевтың «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін маңыздысы... оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу сөзімен бастады. Мектептің оқу тәрбие жұмыстарының тақырыбына тоқталып өтті:
Білім мазмұнын жаңартуда педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру арқылы білім сапасын арттыру, сондай-ақ ,мектепте жұмыс жасап жатқан мұғалімдердің сапалық құрамына тоқталды. 2015-2016 оқу жылдарында жалпы саны- 97 мұғалім, оның ішінде жоғары санатты -38 мұғалім ,бірінші санатты-21 мұғалім,екінші санатты-21 мұғалім,санаты жоқ -11 мұғалім болса, 2016 – 2017оқу жылдарында жалпы -87 мұғалім, оның ішінде жоғары санатты -35 мұғалім, бірінші санатты-24 мұғалім, екінші санатты-19 мұғалім, санаты жоқ -9 мұғалім, 2017 – 2018 оқу жылдарында жалпы-87 мұғалім, оның ішінде жоғары санатты -29, бірінші санатты- 20, екінші санатты-18, санаты жоқ мұғалім -20 .
Үш тілді білім беру заман талабы екенін айтып, сертификатталған мұғалімдердің құрамына тоқталып өтті. Атап айтсақ: Clil оқыту әдісі-1 мұғалім, В1 деңгейі бойынша-2 мұғалім, В2 деңгейі бойынша -1 мұғалім.
Жаңа бағдарлама сапалы оқытудың тиімді тәсілі демекші ,кәсіби мұғалімдерді дайындау үшін коучинг әдістемелік семинар, онлайн семинар , ашық есік күндері өткізілгенін атап өтті. Жаңартылған білім беру мазмұны ізденіс және тәжірибе алмасу нәтижесінде облыс көлемінде Жабыкбаева Г «География сабағында ментальды картаны тиімді қолдану», Маукебаева Г «Қазақ тілі пәні бойынша қысқа мерзіміді жоспарды жоспарлау»,Сексенбаева Ж «Жаңартылған білім беру жағдайында орыс сыныбындағы қазақ тілі сабағында жаңаша әдістерді қолдану» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Өз сөзінде мектеп директоры А.Алтынбаева қазіргі замандағы білім беру саласындағы өзгерістер , білім беру саласына қойылып жатқан талаптар туралы облыс көлемінде озык іс - тәжирибемен бөліскенін атап өтті. «Білім сапасы болашақ кепілі» демекші директор Алтынбаева А өткен соңғы үш жылдық білім сапасына тоқталды: 2015 -2016- оқу жылдарында 58% , 2016 – 2017 оқу жылдарында - 61% , 2017- 2018 оқу жылдарында - 65 % , сондай-ақ ҰБТ- білім сапасышың нәтижесін салыстырмалы түрде көрсетіп өтті: 2015 -2016 оқу жылдарында - 65% , 2016 - 2017 оқу жылдарында - 61,3% , 2017- 2018 оқу жылдарында - 98.833%, 2017-2018 оқу жылдарында + 37% өсу динамикасының бар екені айтты. Ғылыми жоба бойыншада айтарлық көрсеткіштер бар, олар: аудандық 2015 -2016 оқу жылдарында –2 жүлде, республикалық -3 жүлде, 2016-2017 оқу жылдарында аудандық -3 жүлде, республикалық - 3 жүлде, 20 17 - 2018 оқу жылдарында аудандық 3 – жүлде , республикалық -1 жүлде, халықаралық- 3 жүлде.
Заманауи мұғалімді кәсіби дамыту - оқушылардың болашақтағы табысының басты факторы екенін айтып, жүлделі орын алған мұғалімдердің еңбектерінде атап көрсетті, олар: Жүндібаева А . Республикалық «Дарынды балаларға талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы І орын жеңімпазы, Узбекова Л. Облыстық «Үздік интерактивті сабақ»
І орын жеңімпазы, Арыстанбекова И. аудандық »Үздік портфолио байқауының ІІ орын жүлдегері, Облыстық «Үздік сабақ байқауының жүлдегерлер: Бекжанова М. ІІІ орын жүлдегері, Игенбек Н ІІ орын жүлдегері, Бабалиева Б. Облыстық » Педагогикалық идеялар» конкурсының ІІ орын жүлдегері болғанын мақтан етті.
Дарынды балалар - еліміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыратын ұлттық құндылық екеніне басты назар аударуымыз қажет, деп оқушы жүлдегерлерімізді де атады: Облыстық пән олимпиадасының ІІІ дәрежелі диплом иегерлері Отанбек Т. Ширинова С.Кошкинбаева А. Аудандық бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілген олимпиада жүлдегерлері: Стельмах Д, Шегелбай А.
Өсер елдің ұлттық игілігі- өскелең ұрпақ тәрбиесінде дей отыра, Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша да әр түрлі іс- шаралардың өткендігінеде тоқталып өтті. « Мұражай тарих айнасы» тарих өлкетану сабағы, «Буккросинг кітап сыйла »акциясы,Тараз қаласының киелі жерлеріне саяхат, «Туған өлкенің тарихы» ескерткіштерге экскурссия, » Мен Қазақстанның патриотымын!» сапта жүру байқауы, » 25- кітап , 25-ән жоба « біздің мектепте. Маусым айынан бастап мектебімізде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ата - ана Мамедова Назлы cөз алды.Өз сөзінде мектеп ғимаратының күрделі жөнделу барысының мерзімін жылдамдату және мектеп оқушыларының тасымалдануы туралы мәселені көтерді.

Шешімі:
1.Мектеп әкімшілігі және мектеп ұжымы тарапынан мұғалімдерге қолдау көрсетілсін
2.Дарынды оқушылармен жұмыстар жандандырылсын
3.Мектеп ғимаратының күрделі жөндеу барысының мерзімін қысқарту қарастырылсын.
4. Мектеп оқушыларын тасымалдау жасалынған кесте бойынша дұрыс жолға қойылып, бекітілген мұғалімдер тарапынан қадағалансын.

1.Л.Шагатаева(«Нұрлыбақ» б/б басшысы) – Қамқоршылық кеңесінің төрайымы__________________
2. С.Абишов(жеке кәсіпкер) – мүшесі ______________
3. Б.Мырзакулов(жеке кәсіпкер) – мүшесі __________________
4. Г. Конкабаева (жеке кәсіпкер) –хатшы______________________
5. А.Жақан (ата-ана) – мүшесі____________________________
6.Р.Қойлыбаева (ата-ана қоғамдық кеңесінің төрайымы) – мүшесі____________________
7.А.Мустафаева (ата-ана) – мүшесі_____________________
8. Е.Құдайбергенов (ата-ана) – мүшесі_________________
9. Ж.Абенова (ата-ана) – мүшесі_______________________



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив