Тағамдарды дайындау технологиясын қадағалау
Тағамдарды дайындау технологиясын қадағалау туралы
№1 ЖББМ 2019-2020 оқу жылының қыркүйек айынан бастап, жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуына мониторинг жүргізу мақсатында 6 адамнан тұратын бракераждық комиссия құрылған. Комиссия мүшелері аптасына 1 рет тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын, өнімдердің (азық-түліктің) сапасына және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуын қадағалау мақсатында рейдттік іс-шаралар жүргізеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылдың 16 тамызындағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы №611 бұйрығы негізінде медициналық қызметкер Ж.Атикова асханадағы ыстық тамақ бірілетін күн сайын бракераж журналына жазу арқылы тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізсе, бұл жұмысты ары қарай жалғастыру әлеуеметтік педагог А.Ойшиеваға жүктелген.