07
февраль
2019
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат
Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі
комиссия жұмысы туралы анықтама
Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігінің 2017 жылдың 16 тамызындағы №611 бұйрық негізінде «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талапатар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы және мектептегі тамақтандыруға байланысты бақылау жасау, бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмыс жүргізеді.
1-11 сынып оқушыларынан әлеуметтік жағдайы төмен 178 бала мектепте бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Мектеп оқушыларының тамақтану мәзірі, тамақтану ұзақтығы дұрыс жолға қойылған.
2019 жылғы желтоқсан айының 10-25 аралығындағы күндері мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақты қамтамасыз етуін және басқа да рәсімделген құжаттарын тексерді. Атап өтетін болсақ, желтоқсан айының 13-і күні ДТІЖО А.Айтбаева, әлеуметтік педагог М.Ойшиева, медбике Ж.Атикова асханаға рейдтік іс-шара жүргізген. Сол күні асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы бойынша бірқатар ескертулер берген. Тексеру барысында комиссия мүшелері мектеп әкімшілігінің, мұғалімдердің және кіші қызметкерлердің асханада кезекшілікте болмағаны анықталды. Сондай-ақ, аталған күні дайын тамақтың мөлшері талапқа сай болмаған, яғни аспазшы тағамның мөлшері аз, ал көкөністен жасалған салаттың мөлшерін көп салынғаны бойынша ескерту алған. Комиссия мүшелері асханада кір ыдыстар тұрғанын көріп, ескерту берді.
«Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау жүргізілуі дұрыс жолға қойылған, рейдтер уақытылы жүргізілген, алайда дәптерге толық жазулар түспеген. Комиссия мүшелері бір күндік тамақ сынамасы тоңазытқышта тәулік бойы сақталатыны, ас мәзірінде тамақтың әр түрлі болуы мен дайындалу технологиясын қатаң қадағаланатыны жайлы мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасына жіті назар аударып тұру қажеттілігі айтылады. Тоңазытқыш технологиялық жабдықтардың дұрыс істеуін қамтамасыз ету: температурасының нормаға сай болуы, олардың жарамдылығы ұдайы бақылауда тұратыны ескертілді. Сонымен қатар, шикі азық-түліктердің сақтау мерзімін қатаң қадағалау қажеттілігі түсіндірілді.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігінің 2017 жылдың 16 тамызындағы №611 бұйрық негізінде «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талапатар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы құжатын негізге ала отырып жұмыс жүргізілсін.
1-11 сынып оқушылары аз қамтылған отбасынан шыққан жекелеген санаттағы балалар мектепте тамақтануы қатаң қадағалансын.