Мектептегі тамақтандыру шарттары
Мектептегі тамақтандыру шарттары
Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады.
Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. Мектеп оқушыларының бойында салауатты өмір салты негіздерін қалыптастырумен айналысу қажеттілігі бірқатар маңызды себептерге негізделеді:
- адам денсаулығының іргетасы бала жасынан қалыптасады, сәйкесінше, денсаулық сақтау бойынша әдеттері мен дағдыларын, денсаулыққа құндылықты қатынастарын аталмыш кезеңде қалыптастыруды бастаудың мақсаттылығы жоғары;
- осы жаста салауатты өмір салты негіздері бала арнайы жобаланатын қызмет барысында меңгеретін нормалар мен ережелер жинағы ретінде қалыптасады;
- адам дамуындағы мектептегі кезең адам ағзасының даму ерекшеліктері туралы, денсаулықты сақтау мен дамыту әдістері мен факторлары туралы негізгі білімді қалыптастыру үшін сезімтал болып табылады.
Мектеп тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.
Жеткізілетін өнімдерді кіріс қадағалау, олардың өңдеу мен пайдалануға дайындау барысында жедел бақылау, сонымен қатар шығарылатын өнім сапасын қабылдау кезінде бақылау қамтамасыз етіледі.
Мектепте барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Әкімшілік пен мұғалімдердің айрықша бақылауымен Жалпыға ортақ білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады.
Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары: оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізілген.
Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр: тамақтану үшін сабақ арасындағы үзілістерді ұйымдастыру, Үйлесімді тамақтандыруды бақылау жүзеге асырылады, мектептің медициналық қызметкері тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәрістер ұйымдастырады, көрнекті насихаттау жұмыстары жүргізіледі.
Мектептегі оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша басты міндеттері:
- әлеуметтік қорғансыз отбасылар санатына жатқызылатын отбасылардан шыққан оқушыларды тегін тамақтанумен қамту;
- ата-аналар (заңды өкілдер) қаражаттарының көмегімен оқушыларды рационалды тамақтандыруды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау;
- білім беру мекемесінің асхана бөлмелерінің материалдық базасын нығайту және жаңарту;
- қызмет көрсетудің жаңа озық формаларын дамыту және тамақтану мәдениетін жоғарылату;
- тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- ата-аналар (заңды өкілдер) мен оқушылардың арасында ыстық тамақтанудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.
Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылады, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітіледі.
Аз қамтылған отбасындағы оқушылар санатындағы ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталады.
Барлық шешімдерді ұсынылған құжаттар негізінде қабылданады.
Тегін тамақты осы санатқа жатқызылатын аз қамтылған отбасыларының балалары алады:
Мектеп оқушыларының қалған бөлігін тамақтандыру ата-анасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Мектепте оқушылардың уақытылы және сапалы тамақтандырылуы мәселелерінің шешімін табу үшін оқушылардың тамақтану сапасын және ұйымдастырылуын бақылау комиссиясы құрылған.
Комиссия құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия құрамына келесі өкілдер кіреді: мектеп әкімшілігі, ата-аналар қоғамы, педагогикалық ұжым, медициналық қызметкер.
Комиссияның міндеттері:
- балалардың тамақтануын ұйымдастыруды және тағамдар сапасын (тамақтану режимі, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау) бақылауды жүзеге асыру;
- тамақтандыру кәсіпорнымен қызмет көрсету бойынша жасалған келісім-шарт талаптарының сақталуын қоғамдық қадағалау;
- оқушылар мен ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу;
- оқушылар арасындағы тұтынушылық сұранысты талдау;
- комиссияның жұмыс жоспарын жасап, оны білім беру мекемесінің әкімшілігімен келісу.
Күн сайын жеткізілген өнімдердің, дайындалған тағамдардың сапасы тексеріліп, асхана жұмыскерлерінің денсаулығын бақылау журналы жүргізіледі.. Жеткізілген шикі және дайын өнімдерді бақылау және оларды сақтау шарттары мен жарамдылық мерзіміне сәйкес пайдалану бақылауға алынған. Мектепте екі бракераж журналы жүргізіледі: Бұдан басқа комиссия тамақтандыру кәсіпорны мен мектеп асханасы арасындағы белсенді байланыстырушы рөлінде болады.
Аталмыш комиссияның жұмысының міндеттерінің бірі тамақтануды санитария мен гигиенаның барлық нормаларын орындай отырып ұйымдастыру, сонымен қатар, оқушыларды тамақтандыруға қойылатын талаптарды сақтау болып табылады. Бұдан басқа аталмыш комиссия мектеп әкімшілігі мен мектептік-базалық тамақтандыру комбинаты арасындағы байланыстырушы болып отыр. Комиссия жұмысының міндеттеріне салауатты өмір салтын насихаттау, технологиялық құрылғылардың дұрыс жұмысын қадағалау да жатады.
Асхананың жағдайы мен дайындалған өнімдер сапасын, техникалық құрылғылардың жағдайын СанПИН нормаларына сәйкес тексеру жұмыстары ата-аналар қоғамының және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау комиссиясы күшімен жүзеге асырылады.
Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.
Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесінің міндеттері келесідей:
- оқушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
- тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;
- оқушылара салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету;
- жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;
- тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру;
Аталмыш міндеттердің шешімін табу үшін бірқатар қызметкерлер жұмылдырылған, олар ең алдымен асхана жұмыскерлері болып табылады.