Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау
Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау
2019 жылдың қазан айында бракераждық комиссия мүшелері ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау мақсатында тексеру жүргізілді. Мектеп медбикесінің Ж.Атикова жүргізетін журналдары уақытында толтырған. Тексеру барысында асхана іші жарық, еден, терезе алды, үстел үсті сүртілген, терезе ашылып, желдетіліп, тазалық сақталған. Таза асханалық ыдыстарды шкафтарде немесе торларларда сақтайды. Таза асханалық құралдарды залдағы жəшік-кассеталарда саптарын жоғары қаратып қойылған.Подностар əрбір қолданылғанынан кейін сүртіліп құрғатылды. Ұн, жарма өнімдері арнайы эмальді ыдыстарға салынып, қақпағы жабылған. Технологиялық құралдары түгел: электроқуатты пеш, жұмыс үстелі жеткілікті. Қойма бөлмесінде көкөністер: картоп, сәбіз, пияз - орналасу тәртібі дұрыс жолға қойылып, арнайы жәшіктерге орналастырылған, бөгде заттар анықталмады. Ыдыс жуу тәртібі орындалып, ережесі сақталған. Шеті сынық ыдыстарды аспазшылар қолданып жүрген жоқ.Тексеру барысында қол жуғыш құралдарында сабын, гигиеналық заттар болмай шықты. Бұл туралы ескертілді. Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық.
Бракераждық комиссия мүшелері:
Мектеп директоры А.Алтынбаева
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Айтбаева
Әлеуметтік педагог А.Ойшиева
Кәсіподақ төрайымы Ж. Усербаева
Медбике: Ж.Атикова
Ата-аналар қоғамдық кеңесінің мүшесі Ғ.Қоңқабаева