«Үмітпен бірге – шығармашылыққа бастар жол»
Оқушылардың шығармашылық қасиетін дамытып, білімін арттыру мақсатында «Үміт» оқушылар сарайы мұғалімдері тарапынан «Үмітпен бірге – шығармашылыққа бастар жол» атты кездесу өтті. Кездесу барысында мамандар оқушыларға түрлі бағыттағы үйірмелер туралы толыққанды ақпарат берді. Атап айтқанда, өнер, спорт, ғылым, техника және мәдени бағыттар бойынша ұйымдастырылған үйірмелердің мақсат-міндеттері,жетістіктері мен қатысу тәртібі түсіндірілді.
«Үміт» оқушылар сарайы – балалардың шығармашылығын шыңдауға, бос уақытын тиімді өткізуге және қабілеттерін дамытуға бағытталған жетекші орталықтардың бірі. Мұнда әрбір оқушы өзінің қызығушылығына қарай үйірмеге қатысып, жаңа білім мен тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алады.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті мәліметтер алды. Бұл шара мектеп оқушылары үшін пайдалы әрі мәнді кездесулердің бірі болды.

