МИФ пәндері бірлестігінің онкүндігінің жабылуы.
28.10.21ж. күні «Цифрлы әлемге - кемел біліммен » атты тақырыпта МИФ пәндері бірлестігінің онкүндік жабылуы өтті. Онкүндіктің негізгі мақсаты: жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болатын. Онкүндік барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар ғана өтіп қоймай,оқушыларды ғылыми жұмыстарға әртүрлі ғылыми сайыстарға тартып,олардың пәндерге деген көзқарастарын жаңартты. Атап айтатын болсақ 5 «а» сынып оқушысы Аманжол Әліби өзінің логикалық ойлау қабілетінің жоғарылығын көрсетіп 12 қырлы кубикті жылдам жинастырып берді, жетекшісі Амантаева А.Н. Сонымен қатар 9 «в» сынып оқушысы Дурсунов Азиз «Удивительная планета Марс» тақырыбында ғылыми жұмысын көрсетті, жетекшісі Бердибаева Ш.С.
Кошкимбаева К.А және Алмышева Ж.К оқушылары Қуаныш Мейірлан және Муслим Нұқман «Бағдаршам» және «Сызық бойымен қозғалыс»тақырыбында Робототехника сабағында жасаған жұмыстарын көрсетті
жәнеде оқушылар пәнге байланысты тақпақтарын, әндерін айтты. МИФ бірлестік жетекшісі А.М. Кемелованың басшылығымен ұйымдастырылып,өткізілген бұл іс-шараға мектеп басшысылары оң бағасын берді.