06
декабрь
2018
№1 жалпы білім беретін мектебіндегі математика, информатика, физика пәндерінің онкүндігі туралы АНЫҚТАМА
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу-сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.
Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік онкүндігі болып саналады. Қазанның айының 16-26 күндер аралығында мектепте математика, информатика және физика пәндерінің «МИФ әлеміне саяхат» атты онкүндігі өткізілді. Апталықтың мақсаты: математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру. Бірлестіктің атқарылатын іс-шараларының жоспары жасалып, мектеп директоры А.А.Алтынбаевамен бекітілді. Апталық жоспары фоэде ілініп, басқа да пән мұғалімдерінің жоспарға сәйкес бірлестік мұғамлімдерінің іс–тәжірибелерімен танысуына мүмкіндік жасалды. Қызығушылығы болған мұғалімдер жоспарға сәйкес сабақтарға қатысып, өз бағаларын беріп жатты.
Апталыққа әр пән бойынша қабырға газеттері шығарылып, фоэге ілінді. Пән мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс - шараларды тиісті дәрежесінде, заман талабына сай АКТ мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып өткізді. Сабақтарға мектеп директоры А.А.Алтынбаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж. Айбекова, директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орын басары А.Адильбекова, әдістемелік жұмыс меңгерушісі А.Жузбаева және пән мұғалімдері қатысып талдау жасап, ұсыныстарын айтып, бағалады.
Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-
шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды ойындар, кештер, қабырға газеті сайысы, сыныптан тыс іс- шаралар.
Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың ашылуында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында әртүрлі логикалық сұрақтар қойылып, белсенді қатысып отырған оқушыларға сыйлықтар берілді.
Онкүндік ағымында келесі ашық сабақтар мен
сабақтан тыс іс-шаралар берілді: Апталықтың бірінші сабағын А.Жузбаева– математика пәнінен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын 8 «А», «Б» сыныптар
аралығында өткізді. Оқушылар өте белсенді қатысып, сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді. Ойын соңында әділ-қазылар алқасы әділ бағаларын қойып, ІІІ, ІІ, І және бас жүлделермен мақтау қағаздармен марапаттады .
Г.Кельгенбаева математика пәнінен «Правильные и неправильные дроби» 5 «В» сыныбында ашық сабағын
өткізді. Сабақ қазіргі заман талабына сай интерактивті тақтаны қолданумен сонымен қатар әртүрлі әдіс-тәсілдермен оқушыларды топ арасында ынтымақтастыққа жұмылдыра отырып, өте жоғарғы деңгейде оқу мақсатына жетті. Сабаққа бірлестік мұғалімдері мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қатысып талдау жасады. Сабақта толық
жоспар жүзеге асырылып, мақсатына жетті, қатысушы ұстаздардың көңілінен шықты.
Келесі сабақты жас маман Н.Туғанбай математикадан «Рационал сандарды салыстыру» тақырыбы бойынша 6 «А» сыныбында ашық сабақ берді. Н.Туғанбай жас маман болса да әріптестерінен көптеген тәжірибе алмасқаны сабақ өту барысында байқалды. Сабақ жоспарын талапқа сай құрып, әр бөліміне кететін уақытты тиімді пайдалана білді. АКТ-ның көмегімен жаңа тақырыпты меңгеріп, тиімді әдіс-тәсілдермен оқу мақсатына жетті.
Жас маман У.Сагдулаеваның математикадан «Смешанные числа» тақырыбында 5 «Г» сыныбында ашық сабағы болды. Умида өзінің танымдық белсенділігімен оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, сабақты өте белсенді ұйымдастырып оқу мақсатына жетті.
Э.Джуанышова физикадан «Қайнау. Меншікті булану жылуы. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау» тақырыбында 8 «А» сыныбында ашық сабағын өткізді. Оқыту материалының мазмұны сынып ерекшелігіне сай сауатты жоспарланған. Оқушылардың математикалық тілдерін дамытуда да мұғалім жақсы жұмыс көрсете білді. Интер белсенді тақтаның көмегімен оқушылар қайнауды, меншікті булану жылуды, қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтап білді.
А.Жузбаева математикадан «Аралас сандар» тақырыбынан 5 «А» сыныбында ашық сабақ берді. Арайлым сабақты талапқа сай жоспарлап, оқу мақсатына жету үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білді. Оқушылар сабаққа өте белсенді қатысып, математикалық терминдерді «Диологтық» әдіспен дұрыс қолданды.
Н.Туғанбай «Математикалық сандық» ойынын 6 «А», 6 «Б» сыныптар арасында өткізді. У.Сагдулаева Викторина «Юные математики» 8 «В», «Г» сыныптарында, Э.Джуанышова «Қызықты физика» - 7«А»,7«Б». Көшкінбаева К «Компьютердің қызметі» тақырыбында 6 «Б» сыныбында ашық сабақ берді. Сабақ барысында СТО технологиялары, тренинг, сергіту сәті тиімді қолдана білді. Оқушылардың шығармашылық деңгейін тексеру мақсатында бірнеше жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ оқушылар білімін бағалауда «білім ағашы» стратегиясы оқушыларға өте қызықты болды. Сабақ өз дәрежесінде өтті.
М.Бекжанова – алгебра пәнінен «Екі айнымалысы бар теңсіздік» тақырыбында 9 «А» сыныбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта интерактивті тақта толығымен қолданылды. Сабақта балалар тиянақты теориялық білімді есептер шығаруға қолдана білді. Оқыту материалының мазмұны сынып ерекшелігіне сай.
А.Кемелова «Инфобілгірлер» 5 «А», 5 «Б» сыныптарында, сонымен қатар «Ақпаратты өлшеу және компьютер жадысы», «Желілер және қауіпсіздік» бөлімдерін қайталау 7 «А» сыныбында өткізді. Оқыту материалының мазмұны сынып ерекшелігіне сай А, В, С деңгейлі болып сауатты жоспарланған.
Іс - шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін, логика мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын көрсетіп, қосымша да білім алды. Барлық сабақтар жақсы деңгейде өткізілді, мұғалімдер интербелсеңді тақтаны пайдаланды.
5-11 сыныптар арсында апта бойы «Мақал- мәтел – сандар әлемінде» атты қабырға газеті сайысы өтті. Бұл сайыста I орын -8 «А» сынып оқушысы Ырысбаева гулнұр, II орын -8 «Б» сынып, III орынға- 10 «Б» сынып ие болды.
Пәндер бойынша 5-11 сыныптарда жұмыс және бақылау дәптерлері тексеріліп, анықтамалар берілді.
Соңғы күні онкүндіктің қорытындысы өткізілді. Белсенді оқушылар арнайы
грамоталармен марапатталды. Қорыта келе айтарым, ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.