Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша
Шекара қызметкерлерімен кездесу
Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары бойынша кезекті кездесу 2021 жылғы 22-ші желтоқсаны күні мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларына ұйымдастырылған шекара қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында 2021-2022 оқу жылына оқушылардың кәсіптік негізде өз мамандықтарын таңдау барысында шекара қызметі мамандығын таңдау форматы туралы, тестілеуді тапсыру ережелері, мерзімдері мен ерекшеліктері жөнінде ақпарат берілді. Осындай шаралардың өткізілуі оқуды аяқтаушы түлектер үшін өте маңызды және қажетті болып табылады. Кездесу барысында шекара қызметкерлері мамандығына қатысты сұрақтар қойылып оқу мүмкіндігі туралы ақпарат ұсынылды. Шекара қызметінің өкілдері оқушыларға шекаралық бөлімдерге жұмысқа орналасу тәртібі, жеңілдіктер, жалақы, әскери қызмет өткеру және шекара қызметіне қажетті мамандықтары жөнінде ақпарат берді.
Мектеп түлектері болашақта оқу және жұмысқа орналастырудың барлық аспектілері бойынша сұрақтар қойып, оларға тұшымды жауаптар алды.
Кездесу қорытындысы бойынша мектеп оқушылары ҚР Қарулы күштері мен Шекара қызметі қатарында қызмет етуге ниет білдіре отырып, кәсіптік бағдар беру кездесуінің соңында мектеп оқушылары өз әсерлерімен бөлісіп, мектеп әкімшілігіне өз алғыстарын білдірді.