17
январь
2022
Ағылшын тілі пәнінің әдістемелік бірлестігінің кезектен тыс отырысының есебі
№1 ЖОББМГ Ағылшын тілі пәнінің әдістемелік бірлестігінің кезектен тыс отырысының есебі. Кезектен тыс отырыс Бұйрықтар және МО-до бойынша өтті.
Ағылшын тілі пәнінің әдістемелік бірлестігінің құрамында 7 мұғалім қызмет атқарады.
Қатысқаны:6
Бірлестік жетекшісі - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абашева А.Ж
Бірлестіктің алдына қойылған мақсаты Мемлекеттік тілмен қатар шет тілі мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын дамыту, өзге елдің тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдеп- ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу.Бірлестіктің міндеттері: Оқушылардың білімі мен біліктілікті, дағдыны сапалы игеруді қамтамасыз ету жолында оқу-дамыту ортасын құру. Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін жан-жақты тереңдету арқылы оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.