28
январь
2020
«A different languages is different vision of life» атты ағылшын тілі пәнінің он күндігі
«A different languages is different vision of life» атты ағылшын тілі он күндігінің аясында 2020жылдың 28 қаңтар күні 8 «а», «б», «в» сыныптар арасында ағылшын тілі пәні мұғалімдері Есмаханбетова Асель мен Кабылбаева Жаннұрдың ұйымдастыруымен «Who wants to be a millionere» атты интеллектуалды сайыс өтті. Сыныптар өзара әртүрлі деңгейде қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. 8 «в» сынып оқушылары бір ұпай артық алып, 1000000$ сертификатын жеңіп алды. Сайыс өте тартысты және қызықты өтті.