2021-2022 оқу жылындағы жас мамандармен атқарылған жұмыстың есебі » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылындағы жас мамандармен атқарылған жұмыстың есебі
25
май
2022

2021-2022 оқу жылындағы жас мамандармен атқарылған жұмыстың есебі

2021-2022 оқу жылындағы жас мамандармен атқарылған жұмыстың есебі



      Былғы оқу жылында мектебімізде 21 жас педагог жұмыс атқарады. Жаңартылған білім мазмұны жағдайында жас мандардың табысты бейімделуі үшін ұйымдастыру, әдістемелік жағдай жасау мақсатында «Талпыныс» мектебі жұмыс жүргізді. Жас мұғалімдердің кәсіби дайындық деңгейін анықтау, нормативтік құжаттармен жұмыс істеуді меңгерту, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды дайындау, мектеп құжаттарын жүргізу, элективті, таңдау пәндері бойынша,  жеке және топтық курс бағдарламаларын дайындаудағы жеке консультациялар, қазіргі сабаққа қойылатын талаптар, оқу процессін ұйымдастыру формалары, олардың үйлесуі, қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің қызметі сияқты мәселелер отырыстарында қаралды. Қыркүйек айында жас мандардың тізімі жасалып, сапалық құрамы анықталды, «Талпыныс» мектебінің жұмыс жоспары бекітілді. 4 жас маманға А.Қайрақпаеваға-А.Есмаханбетова, А.Бидасбекке-Н.Адибаева, Н.Қалысбаевқа-ҚОмаров, М.Көшербаеваға-Г,Кельгенбаева тәлімгер болып тағайындалды, жұмыс жоспары бекітілді. 

Жас мандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында жыл басында ДАТІЖО Н.Қасымова жас мандарға электронды журналды толтыру бойынша нұсқаулық беріп, платформаны қолдануды үйретті. Мақсаты: функционалды жұмыс істеу үшін ережелерді білу; критериалды журналға өзгерістер енгізуді білу; формативті және қалыптастырушы бағалауды дұрыс енгізу; қатысу туралы белгілерді қоя білу; 

Мектеп психологтары жас мандармен жоспар бойынша 22.09.2021 жылы «Танысу», 20.10.2021 жылы «Мен жастарға сенемін», 20.12.2021 жылы «Мен ғажайыппын», 16.02.2022 «Бой жазу», 16.03.2022 жылы «Күйзеліссіз өмір сүру» атты тренингттер өткізді. Қараша айында «Мұғалімдерге арналған ұстанымдар» атты жадынама таратылды.


18.11.2021 жылы география пәнінің мұғалімі Г.Жабықбаева «Жаңа бағыттағы сабақты тиімді жоспарлау» атты коучинг өткізді. Коучинг мақсаты: мектептің бүгіні мен болашағын жопарлау барысында мұғалімдердің көзқарасы мен пікірлерін ескере отырып жаңа бағыттағы сабақты тиімді жоспарлауды үйрену, нәтижесінде мұғалімдер жаңа бағыттағы сабақты жоспарлаудың тиімді жағын түсініп және өз ойларын ұсынды, жаңа бағыттағы сабақты жоспарлау кезіндегі қиындықтар мен кемшіліктерді анықтай алатындарын көрсетіп, болашақта табысқа жету мақсатында тиімді жағын ұсынуды үйренді.



27.12.2022 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Есиркепова «Тиімді әдіс-тәсілдер сапалы сабақ кепілі» атты коучинг өткізді, мақсаты: білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер туралы түсініктер қалыптастыру, оқыту сапасын жақсарту үшін жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануға бағыт беру, коучинг нәтижесінде жас мамандар оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне қалай ықпалдастыру керектігін түсінді және тәжірибесінде орынды пайдалана алатындарына көз жеткізді.



Қаңтар айында 

"Шығармашыл тәлімгерден -ізденімпаз маманға" атты тәлімгерлік жумысының онкүндігінің жоспарына сәйкес Есмаханбетова Асель Омирзаковна "Food and drink" тақырыбында 6 "В" сыныбында, Кельгенбаева Гульсара Абдыманаповна «Площади четырехугольников и треугольников» тақырыбында 8 «В» сыныбында, Адибаева Несіпкүл әкпи «Films and stories» тақырыбында 5 «А» сыныбында  жас мамандарға арналған шеберлік сабақтар көрсетілді.

Әдістемелік көмек көрсету мақсатында тәлімгер ұстаздар Келгенбаева Г.А мен Есмаханбетова А.О. ұйымдастыруымен "Айтылым және тыңдалым дағдыларын дамыту, әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану" тақырыбында жас мамандардың қатысуымен коучинг өткізілді. Тыңдалым және айтылым дағдысын дамытуға бағытталған фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жаттығулар жұптык, жеке және топтық жұмыс түрлерінде іске асты. "Мешкейді тойғыз" атты рефлексия әдісі өте әсерлі болып, сабаққа қатысқан мұғалімдер тиімді тәсілдерді үйренді. Жас мамандардан алдын-ала алынған сауалнама қорытындысының негізінде сұранысқа ие болған "ҚМЖ сырларымен" Келгенбаева Г.А. бөлісті.      Айтылым мен тыңдалым дағдысын дамытуға бағытталған қызықты әдіс-тәсілдерді  Есмаханбетова А.О. ұсынды.     Арнайы әзірленген шынайы ситуациялық бейнероликтерді тамашалаған қатысушылар, сабақта орын алатын мұғалім мен оқушы арасында туындайтын психологиялық мәселелерді шешуге тырысып, тиімді  жолдарын қарастырып, өз пікірлерін ұсынды.

      "Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз"-деп, тәлімгер-ұстаздар қашанда жас мамандардың кәсіби өсуіне көмектесуге дайын екенін ұғындырды.

         Аудандық математика пәнінің жас мұғалімдері арасында өткізілген «Прогрессия» олипиадасына қатысып Көшербаева Мөлдір ІІ дәрежелі, Амантаева Аружан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.




Сәуір айында жас маман айлығының жоспары құрылып, бекітілді. Айлықтың ашылу салтанаты барысында шебер ұстаз Манат Шекербекқызы «Жас маманды жан- жақты қалыптастыруда тәлімгер жұмысының  маңыздылығы» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға сәттілік тіледі. Ашылу салатанатынан кейін барлық жас мамандар «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» тақырыбында ээсе байқауына қатысып, өз ойларын жазды. Айлықтың бірінші аптасында шығармашыл ұстаздар кестеге сәйкес өткізілген шебер сабақтарға белсене қатысып, әдістемелік көмек алды. Апта соңында мектеп директорының орынбасарлары ұйымдастырған семинарға қатысып жасқы пікірлерімен бөлісті. Айлықтың келесі екі аптасында жас мамандар өздері ашық сабақ көрсетіп, бір-біріне қолдау көрсетіп, кері байланыс берді. Екінші аптаның соңында ДҒӘІЖО Ж.Айбекова өткізген «Мұғалім әдебі» атты дөңгелек үстелге қатысып, өз ойларымен бөлісті. Айлықтың соңғы аптасында «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» атты жас мамандар байқауына қатысып өздерінің шығармашылық потенциалымен бөлісіп, дипломдармен марапатталды. 





Мамыр айының 5 күні аудандық «Заманауи жас маман» атты аудандық жас мамандар байқауына математика пәнінің мұғалімі Амантаева Аружан қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.





Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив