13
сентябрь
2021
«Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың 2021 -2022 оқу жылындағы ерекшеліктері» тақырыбында сынып жетекшілермен семинар
Тәрбие жұмысын жүргізудегі тәрбие ісінің сапасын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісу, кешенді әлеуметтік қызмет көрсету, қазіргі таңдағы заманауи ұстаздардың шеберлігі мен іскерлігін, интеллектісін бала тәрбиесінде қолдана білудің жолдарын айқындау және жас сынып жетекшілерге бағыт-бағдар беру, педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету мақсатында №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың 2021 -2022 оқу жылындағы ерекшеліктері» тақырыбында сынып жетекшілермен семинар өткізілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтбаева Айнур Кумисбековна сынып жетекшілердің жұмыс жүйесі мен жаңа оқу жылындағы міндеттер, “Тәрбие жұмысы жүйесін жетілдірудің жобалары”тақырыптарында баяндама оқып, 2021-2022 оқу жылындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырды.