18
октябрь
2022
"Сыбайлас бұрыш және вертикаль бұрыштың қасиеттері" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Геометрия пәнінен 7"А" сыныбымен "Сыбайлас бұрыш және вертикаль бұрыштың қасиеттері" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін пайдаланып есептер шығара алу. Сабақ мақсатына жету үшін әр түрлі қарқынды әрі оқушылардың қызығушылығын арттыратын әдіс- тәсілдермен тапсырмалар орындалды. "Менен сұрақ- сенен жауап" әдісі бойынша теориялық білімді қайталау, "Ақиқат- жалған" әдісі арқылы жауапты тұжырымдау, "Автобус аялдамасы" әдісі арқылы топтық бірлескен жұмыс жасалды. Оқулықпен жұмыс және жеке оқушылардың қабілетіне қарай саралау тапсырмалары орындалу барысында мұғалім тарапынан қолдау көрсетілді. Сабақты бекітуге "Word Wall" қосымшасы арқылы тест тапсырмаларын орындады.Сабақтың соңында оқушылар тарапынан "Еркін микрофон" әдісі арқылы кері байланыс берілді.