Сабақтың тақырыбы «Робототехника» үйірмесіне қатысатын оқушылар арасында «Проектілер қорғау »
Сабақтың тақырыбы «Робототехника» үйірмесіне қатысатын оқушылар арасында «Проектілер қорғау »
Жалпы мақсаты:
Робототехника элективті курсынан, математика, физика, информатика пәндерінен алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология негіздерін өмірде және практикада қолдана алады.
Оқу нәтижесі:
1.Оқушылар инженерлік, конструкторлық, шығармашылық қабілеттерін практикада қолдана алады.
2. 4-5 адамнан тұратын жұмыс жасап, роботтарға программа құрып, тестілеуден өткізеді. Топ жұмысын роботтар жарысында көрсете алады.
«Қазіргі заман білім беру парадигмасының тиімді әдістерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылығын және құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында математика және информатика пәндер» айлығының аясында «Робототехника» үйірмесінен сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Бұл іс- шара өткізілу күні /20.10.2022/ мектебімізде өткен аудандық «First Robotics» жарысымен қатар келіп, оқушыларымыз сол жарысқа қатысып, «Робо асық ату» категориясы бойынша 5 «В» сынып оқушысы Мустафаев Алирза ІІ орын, 4 сынып оқушысы «Робо ақ сүйек» түрі бойынша Рахимбай Нұрмухамед жүлделі ІІІ орын иеленді.
Іс-шараның мақсаты: робототехника саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктеріне қызығушылықты арттыру.
Осындай сыныптан тыс жұмыстарды өткізу оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытады және «Робототехника» үйірмесіне қатысатын оқушылардың танымдық қызығушылығын оятады, өз ойын логикалық түрде жеткізуге үйретеді.