Мектепішілік «Үздік қмж-2022» тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарлар байқауы
2022 жылдың 21 желтоқсан күні мектептің оқу жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту аясында мектепішілік «Үздік ҚМЖ-2022» тақырыбында қысқа мерзімді жоспарлар байқауы өтті. Байқауға жеті педагог-зерттеуші қатысып, сабақ жоспарын ұсынды.
Байқаудың мақсаты
-жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізуі мен критериалды бағалау жүйесін түсініп қолдана білуі мен қажетті дағдыларды қалыптастыруын анықтау және тәжірибесін тарату.
-инновациялық технологияларды пайдалану, цифрлық білім беру ресурстары саласында ---педагогтардың кәсіби-шығармашылық жандандыру;
-педагогтардың кәсіптік шеберлігін арттыру.
Міндеттері:
- жаңартылған бағдарлама идеясы бойынша үздік сабақтарды анықтау;
- оқу мақсаттарына сай критериалды бағалау жүйесін қолдануын анықтау;
Байқау жоғары деңгейінде ұйымдастырылып, өткізілді.Қатысқан педагогтар кәсіби шеберлігімен ТED форматта сабақтарын қорғап шықты. Көрермен ұстаздар өз ойларын, ұсыныстарын берді. Әділ қазы мүшелері қысқа мерзімді жоспарларды саралап, қорытындысын шығарды.Нәтижесінде қатысқан педагогтар дипломдарымен марапатталды.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Есмаханбетова Асель Омирзаковна «Бас жүлде», математика пәнінің мұғалімі Кельгенбаева Гульсара Абдыманаповна І орын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сексенбаева Жанар Мухтаровна, бастауыш сынып мұғалімі Жүндібаева Айгерим Сериковна 2 орын, бастауыш сынып мұғалімі Токушбекова Бейсекуль Турбековна, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Омаров Канат Жакыпович, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маукебаева Гульфария Амановна 3 орын дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Байқаудың ұйымдастырушысы: ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Адильбекова Айнур Сериковна
- оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану бағытында педагогтердің кәсіби шеберліктерін бағалау.