01
октябрь
2020
"Ұстаз-адам жанының инженері" тақырыбында онлайн шығармалар байқауы
school_.1._
#1жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2020 жылғы 29.09-01.10 аралығында 8-10 сыныптар арасында мектепішілік "Менің арманымдағы ұстаз","Ұстаз болу-сезімнің батырлығы","Ұстаз-адам жанының инженері" тақырыбында онлайн шығармалар байқауы өткізілді.Байқаудың басты мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасының "Педагог мәртебесі" Заңының жүзеге асырылуын қолдау,жас ұрпақ санасында ұстаздар қауымына деген құрметті қалыптастыру,шығармашылық жұмыстарға икемді оқушыларды анықтап,оларды қанаттандыру және қашықтықтан оқыту жағдайында ұстаз бен оқушы арасындағы байланысты күшейту.Осы ереже аясында байқаудың ұйымдастырылуы мен өткізілуі тәртібі"Қазақ тілі"бірлестіктігінде жүзеге асырылды.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Ж.Нурланкулованың ұйымдастыруымен комиссия мүшелерінің құрамы мен байқауға қойылатын талап-шарттары,шығарма мәтінің орналасу реті,ең үздік шығарманы іріктеу кезіндегі ескерпелер,шығарманың орфографиялық қателіктері,жұмыстың мәтіні,бағалау критерийлері белгіленіп,бекітілді.Байқауға қатысқан оқушылардың ең үздік шығармаларын іріктеу кезінде ой тұжырымының логикасы,мазмұнының тереңдігі,тақырыптың ашылуы,жазба тілінің сапасы,тұжырымдамалардың дәлдігі, сауаттылығы(орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері)ескеріліп, жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланды.
Шығарма байқауының комиссиясы ұпай санын бағалау барысында талаптарды ескере отырып,шешім шығарды.
8-сыныптар бойынша Бас жүлде - 8"А" сынып оқушысы Тулыбаева Мағрипа, l орын - Ирисбаева Нұрсәуле, ll орын - Хайрулла Әйгерім, ll орын - Кеңесбай Инжу, lll орын - Құттыбай Жанель, lll орын - Сауытбек Альбина; 9 - сыныптар бойынша Бас жүлде - 9"А" сынып оқушысы Бейсеналы Асаналы, l орын - Валихан Құндыз, ll орын - Маулен Шапағат, ll орын - Жолдасбек Амина, lll орын - Шеңгелбай Бекзат, lll орын - Камидулла Ернар, lll орын - Аристанбек Нұрғали сияқты байқау жеңімпаздары мектеп әкімшілігінің дипломдарымен марапатталды.Ал байқауға қатысушыларға арнайы Алғыс хаттар беріліп, байқау өз мәресіне жетті.