10
февраль
2023
«Инклюзивті білім беру негіздері,құралдары және практикалық шешімдері » тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді.
А.Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен ақпан айының 10- шы жұлдызында «Инклюзивті білім беру негіздері,құралдары және практикалық шешімдері » тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары және инклюзивті білім беру моделімен танысу;
Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс. Осы орайда, практика жүзінде Арыстанбекова Индира Айдархановна инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдарымен таныстырып өтсе,Артаева Айгуль Ергалиева ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға тапсырмаларды сабақ барысында қалай жүзеге асыратыны туралы өзінің қысқа мерзімді жоспарымен таныстырып өтті, Сексенбаева Жанар Мухтаровна бүгінгі қатысқан пән мұғалімдерімен топтық жұмыс жүргізді, Алишева Айнур мен Жайдакбаева Дина тренингтер ұйымдастырды. Семинарда педагогтар кері байланыс беріп,ұтымды жауаптарын ортаға салды