Әдістемелік жұмыс
Анықтама
№1 Жалпы білім беретін мектебінің 2017-2018 оқу жылында география бірлестігінің «Туған жер – тұңған шежіре» тақырыбына өткізілген онкүндігінің қорытындысы
Мақсаты: География пәніне қызығушылығын арттыру, оқушылардың әлем географиясын білуіне ықпалдастыратын сан түрлі кітаптар оқып, суреттер салып, қол өнер,шығармашылық жұмыстар, презентациялар, интеллектуалды ойындар мен сайыстар, қызықты ашық сабақтар, өз отанының табиғатын және қоршаған ортаны сүйе білуге үйренеді.
Мектеп директорының 15.02.2018 күнгі география пәнінің «Туған жер – тұңған шежіре» тақырыбындағы онкүндіктің өткізу туралы бұйрығы № 56 негізінде 12.02.-22.02.2018 күні аралығында онкүндік жоспары жасалынып бекітілді.
12.02.2018 күні мектпішілік линейкада «Туған жер – тұнған шежіре» тақырыбындағы онкүндіктің өткізу туралы бағдарламасымен география пәні Ә.Б. жетекшісі Г.Б.Жабыкбаева таныстырып өтті және 11 «Б» сыныбы оқушылары туған жерінің табиғаты мен күннен күнге көркейіп келе жатқан Қазақстаннын астанасын мақтан етіп бір шумақ өлеңдерін оқып, туған жерінің табиғатын сипаттап, осы онкүндіктің бағдарламасындағы іс-шараларға барлық оқушылардың қатысуына мүмкіншіліктерінің барын ескертті
«География мекеніне саяхат» мектеп кітапханашы С.Мауленкулова 5-8 сынып оқушыларымен кітап көрмесін ұйымдастырды:
Талапқа сай ашық сабақтар өткізілді: 11 «Б» сыныбында «Канада» тақырыбына Г.Б.Жабыкбаева АҚТ-мен, видеосюжеттер, проблемалық ситуациаларды шешу, Қазахстанмен салыстыру және оны қорытындылауға бағытталған сабақ болды.
Г.Ж.Мухамедярованың 10 «А» сыныбында «Дүниежүзілік көлік географиясы» тақырыбында ашық сабақ өткізді, сабақтың басын психологиялық тренингтен бастады.Сабаққа 15 оқушы қамтылды.Оқушылар жол билеттері арқылы топқа бөлінді
1-топ Теміржол
2-топ Теңіз және өзен. Әуе көлігі
3-топ Автокөлік
Жаңа сабақтың тақырыбын ашуда «Миға шабуыл» әдісі бойынша тақырыпты өздері аша алды.
Оқушыларға Көліктің түрлері туралы бейнетаспа көрсетілді.
Әр топқа оқулықпен тапсырма берілді,жұмыс жасалынды.Одан кейін әрбір топ өздеріне берілген тапсырманы қорғап шықты.
2-ші тапсырма. Кескін картамен жұмыс жасалды.
Жаңа сабақты бекіту үшін тест тапсырмалары берілді.
Онкүндік аясында «Нұрын шашқан туған жер», «Сказочная география» тақырыбында 5-8 сыныптар арасында сурет көрмесі және қол өнер байқауы өткізілді. Қатысқан оқушылар марапатқа ие болды:
5-7 қазақ сыныптарында қызықты «ХХІ – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойын өткізілді және 5-9 сын.оқушылары шығармашылық жұмыстарын қорғады: Мустафаева К. 8 «В» сын.оқушысы «Аральская катастрофа», Салахова Зарина 7 «В» «Океаны мира», Мустафаева Ч. «Удивительные рыбы», 5 «В» Мамедова З. «Острова мира», 7 «В»Альжева С. «Животный мир Африки» 9 «В» Алиева Н. «Сельское хозяйство Казахстана».
Бұл жұмыстарында оқушылар тақырыптарын ашатын презентация, портфолио және қол өнер көрсетіліп, қорғап марапатқа ие болды: І-орын 7 «В» сынып оқушысы Альжева Снежана, ІІ-орынды Мамедова Зейнаб 5 «В», Мустафаева Чичек 7 «В» сынып оқушылары, ІІІ-орынды Мустафаева Конуль 8 «В», Салахова Зарина 7 «В», Алиева Наида 9 «В» сынып оқушылары. Сонымен қатар география пәнінен Республикалық ұлттық интеллектуалдық олимпиадаға қатысып жүлделі орынға ие болды:
1.Алиева Наида 9 «В» - ІІ-орын 2. Мустафаева Конуль 8 «В» - І-орын
3. Джамалов Истан 7 «Г» -І-орын 4.Салахова Зарина 7 «В»- І-орын
5.Абуева Ульвия – ІІ-орын 6.Мустафаева Чичек –І-орын
7.Рахимов Фаррух -І-орын 8. Альжева Снежана –І-орын
Апталықтың жабылуы оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен және марапаттау рәсімімен аяқталды.
География ӘБ жетекшісі: Жабыкбаева Г.Б.