Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы
И.Ф.Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы
18.09.-22.09.2023
«Мектептегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» сабақтары: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» тақырыбында өткен құзыреттілікті арттыру курсы бойынша тәжірибе алмасу.
Семинар тақырыбы: «Қысқа мерзімді жоспар құрылымы»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Абдраманова Перизат Аскарбековна, Құрмаш Омар.
Анықтама
19.09.2023ж. күні сағат 16.00-де акт залда жас мамандарға арналған «Қысқа мерзімді жоспар құрылымы» атты семинар өткізілді. Семинарды қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Абдраманова Перизат Аскарбековна мен Құрмаш Омар жүргізді. Курста өтіп келген тәжірибелерімен кеңінен таныстырып, жаңа әдістермен бөлісті. Қысқа мерзімді жоспарды дұрыс құру, оның құрылымы және ондағы өзгерістерді толығымен түсіндірді. Жас мамандар түрлі сұрақтар қойып, түсінбеген сұрақтарына жауап алды. Семинар барысында қысқа мерзімді жоспарды мұғалімдер өздері жасап, жіберген қателіктерін түзеді. Сонымен қатар оқу бағдарламасына сәйкес берілетін мақсат пен оқу мақсатының айырмашылығы кеңінен түсіндірілді. Сабақтың басы, ортасы, соңы, қорытынды және үй тапсырмасына қандай әдістер қолдану қолайлы екендігі де айтылды. Семинар басында қазақтың ұлы педагогтерінің суреттері мен шығармаларын дұрыс сәйкестендіру арқылы топқа бөлінді. Содан соң берілген ребусты шешу арқылы семинар тақырыбын ашты. Семинарды Перизат Аскарбековна слайд арқылы түсіндірді. Құрмаш Омар практика жүзінде қолдануға болатын түрлі әдістермен бөлісіп, жас мамандарға шабыт берді. АКТ қолдану арқылы бірнеше әдіс-тәсілдер көрсетілді. Семинар соңында қазақ тілінің грамматикасына құрылған тест сұрақтары беріліп, ұтқан топтар марапатталды. Жас мамандар тың идеялар мен жаңа ақпараттар алып қайтты.