07
декабрь
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің «Оқыту әдістемесін жетілдіру арқылы функционалдық сауаттылық дағдылары бар,ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген бәсекеге қабілетті тұлға даярлау» атты қазақ тілі мен әдебиеті айлығының жабылу салтанаты б
07 желтоқсан күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің «Оқыту әдістемесін жетілдіру арқылы функционалдық сауаттылық дағдылары бар,ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген бәсекеге қабілетті тұлға даярлау» атты қазақ тілі мен әдебиеті айлығының жабылу салтанаты болып өтті. Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету. Айлық барысында сабақтарға белсене қатысқан, мектепішілік іс-шараларға өз ойларын еркін жеткізіп отырған ұстаздар мен білім алушылар марапатталды. Іс-шара басырында "Қазақ нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра демекші", күмбірлеген күйімен құлақ құрышын қандырып, бойға шабыт сыйлағалы отырған Жетпісбай Нұрдәуренге кезек берейік! Дәулеткерейдің күйі "Көроғлы" күйді шертсе, "Ән – көңілдің ажары". Құлақтан кіріп, бойды алған әсем әнмен тербетейін қауымды деп 9 "В" сыныбының оқушысы Музарапова Амина " Туған жер " әнін орындады. Сонымен қатар,білім алушыларымыз Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай,мәнерлеп оқу,буктрейлерді таныстырып айтты. Іс-шара өз деңгейінде өтті.