04
январь
2024
" Үздік педагог" конкурсының талаптары " тақырыбында семинар өткізілді
А. Асқаров атындағы ЖОББМГ -да 04.01.2024 күні химия пәнінің мұғалімі "Үздік педагог -2023" аудандық кезеңінің ІІ орын иегері Игенбек Н.А. "" Үздік педагог" конкурсының талаптары " тақырыбында семинар өткізді. Конкурс талаптарын таныстыру мақсатында " 5 қадам" әдісі арқылы негізгі қойылатын 5 талаппен таныстырды. Және де осы " Үздік педагог" конкурсындағы бағалау критерийлері бойынша " Екі жақты күнделік " әдісі бойынша орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сексенбаева Жанар, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Есмаханбетова Асель және математика пәнінің мұғалімі Кельгенбаева Гульсара бағалау критерийлері бойынша балл қойып шықты. Кері байланыс " плюс және минус" арқылы осы үш ұстаз қандай критерийлері бойынша жұмыс жасау керектігі бойынша ойларын бөлісті. ,
" Авторлық бағдарлама" жазу үлгісі, рәсімдеу үлгісі туралы да Игенбек Н.А өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар соңында барлық қатысушылардардан "3-2-1" әдісі арқылы кері байланыс алды. Семинар жоғары дәрежеде өтті. "Үздік педагог-2024" үміткерлерін мотивация беру мақсатында кішігірім ақшалай сыйлықтар берілді