12
март
2025
«Ұлы Отан соғысы – тарих пен тағылым»
2025 жылдың 12 наурызында «Ұлы Отан соғысы – тарих пен тағылым» Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған тарих айлығы аясында, тарих пәні мұғалімі Ж.А.Сахова 7 «А» сынып білім алушыларымен Қазақстан тарихы пәнінен «XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында берілген оқу мақсатына сай жұптық, топтық, жеке тапсырмалар орындалды. Өткен тақырып Word wall платформасы арқылы сұралды. Жаңа сабақты «DI I DI» платформасында Дәулеткерей Шығайұлының “Аягөз қайда барасың?» өлеңінен үзінді беріп, ой қозғау арқылы ашып, «bilim land» платформасынан бейнесабақ көрсетумен бастады. Сабақ барысында «ДЖИГСО» әдісі арқылы топтық тапсырмалар орындалды. Кесте толтырып жұптық тапсырма жасады. Саралау және жеке жұмыстар жүргізілді. Жасанды интеллект «Magic school» көмегімен «Мини тест» тапсырмасын орындап, сабақты қорытындылады.











