14
октябрь
2025
Ашық сабақ
2025 жылдың 14 қазан күні Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Э.Ж. Айдаралиева 8 «Б» сынып оқушыларымен «Әшекейлерді пайдалана отырып сәндеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Үй тапсырмасын «Сиқырлы қоржын» әдісі бойынша қайталап өтті. Қолөнер шебері –Айгүл Жансерікова туралы видео таспаны көре отырып жаңа тақырыпты ашты. Сабақ барысында топтық, жұптық тапсырмалар орындалды. Ұлттық құндылықтар ою суреттері арқылы ҚБ жүргізілді.
