03
октябрь
2020
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясыныда өзге ұлт өкілдері арасында «ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ РӨЛІ»
Жамбыл облысы Тілдерді дамыту басқармасы, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Қазақ тілін оқыту орталығының бірлесе ұйымдастырумен ауданымызда 2020 жылдың 1 қазаны күні №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясыныда өзге ұлт өкілдері арасында «ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ РӨЛІ» тақырыбында семинар өткізілді.Семинар модераторы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің "Рухани жаңғыру" орталығының жетекшісі, РhD докторанты Бекназаров Бақтияр Арманұлы жүргізіп, бүгінгі таңда басқа ұлт өкілдерін мемлекеттік тілде оқыту өзектілігін жоғалтпағаны туралы, Елбасымыздың «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» Қазақстан халқының тілдерін дамытуда көрсетілген үш негізгі мақсаттағы стратегиясының бірі – «Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту» өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілде оқытудың мақсат, міндеттері туралы түсіндіріп, негізгі сұрақтарға жауап берді