08
декабрь
2018
«Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш»
Мектебімізде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу және насихаттауға 8-18 қазан аралығында онкүндіктің жоспары жасалынып, бекітілді. Жоспар бойынша әр аптаның дүйсенбі күндері Қазақстан Республикасының Гимні орындалды. 3 қазан күні Қазақстан Республикасының насихаттау бойынша салтанатты жиын өткізілді. Мектеп оқушыларына ҚР-ның рәміздерінің тарихымен, авторларымен, құрылу кезеңдерімен таныстырылып өтілді. Біздер тәуелсіз қазақ елінің жасұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, рәміздерін сүюге, сыйлауға тиіс екенімізді естен шығармайық дей отыра интерактивті тақта арқылы жасалынған слайдтан ҚР – ның Рәміздерін, Ата Заңын, тілін, дінін, Елбасын т.б. қадір тұтатын жұмыстар көрсетілді. Салтанатты жиынымыздың ашылу құрметіне мектебіміздің директоры Алтынбаева Айгерім Аханқызына сөз берілді. Жиында оқушылар өздері жаттап келген Отан, туған жер, ҚР рәміздері туралы өлеңдерін оқыды. Пән мұғалімдері бірінші сабақтарын ҚР – ның Гимнмен бастап, оқушылардан ҚР- ның Рәміздері туралы сұрады. Мектеп кітапханашылары Ф.Умбеталиева, C.Мәуленқұлова «Ел рәміздері – ел рухы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.Сонымен қатар сынып жетекшілер «Қазақстанның Мемлекеттік - Рәміздері» тақырыбында Дөңгелек үстел, интеллектуалды ойындар, сынып сағаттарын өткізді. Мектеп Ұланбасы мен тәлімгердің ұйымдастыруымен «Елдіктің ерен белгісі- рәміздер» видеопрезентация өткізілді. Мектеп психологтары ҚР- ның Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау бойынша білімдерін тексеру мақсатында 5 – 11 сыныптар арасында сауалнама жүргізсе, 7 сынып жетекшілері «Символы Республики Казахстан-знай и уважай» ауызша журнал, 8 сыныптар арасында «Елімнің рәміздері – еркіндік нышаны» іскерлік ойыны, «Символы нашей эпохи» атты коучинг,«Туған жерге туыңды тік» әңгімелесу алаңы 10 сынып оқушыларымен, «Символика Республики Казахстан» атты блиц-турнир 10 сынып оқушыларымен өткізілді. Онкүндіктің соңы Ж.Абенованың ұйымдастыруымен «Көк тудың желбірегені» тақырыбында концерттік бағдарлама өткізілді.