04
сентябрь
2020
Мектеп аумағын абаттандыру мектеп өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Мектеп аумағын абаттандыру мектеп өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Меркі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 тамыздағы №285 Қаулысына сәйкес, №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2020 жылдың 1 қыркүйек – 1 қараша айлары аралығында аудандағы елді абаттандыру, көгалдандыру-көріктендіру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, ғимарат айналасы жүйелі түрде тазаланып, жиналған күл-қоқыстар уақытысында рекультивация жасалынып, абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Мектеп-гимназия ұжымының креативті идеялары мен шығармашылық әлеуеті мектеп ғимаратының түрленуінде көрініс тапты.