10
май
2019
Мектепті абаттандыру мен көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету екі айлығы
Мектепті абаттандыру мен көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында көктемгі екі айлық өткізу іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Мектеп ауласындағы ағаштар әктеліп, айнала тазартылды. Мектеп алдындағы билбордттар жаңаланды.Сондай-ақ, мектеп ауласын абаттандыру мен көгалдандыруға арналған «Көрікті менің мектебім» атты аудандық макеттер байқауында 2019 жылдың 12 наурыз күні 9 сынып оқушылары Достемір Жандос, Болатхан Ақбота, Асқарбай Шолпан қатысып, жүлделі І орын иеленді. Мектепті көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жандандыру, сынып бөлмелері, дәліздері мен кіреберістердің әсемдігін бөлме гүлдерімен әрлендіру, бөлме гүлдерінің түрін көбейту мақсатында мектебімізде «100 түрлі гүл» бөлме гүлдері акциясы жүргізілді.. Акция шарты бойынша мектептің әр ұстазы 1 бөлме гүлін; әр сынып 1 бөлме гүлін өткізуі тиіс болатын. Гүлдер келесі номинациялар бойынша бағаланды: «Ең үздік бөлме гүлі»,«Ең әдемі гүлденген бөлме гүлі»,«Ең ерекше гүл»,«Ең үлкен гүл»,«Ең ұзын гүл», «Флораның патшайымы» мектеп ұжымы және оқушылары белсене ат салысты. Нәтижесінде: түрлі номинациялармен мектеп директоры А.Алтынбаева мақтау қағаздарымен марапаттады. Сондай-ақ, 356 түп декоративті раушан гүлдері, 12 сириялық раушан гүлдері егілді. Мектептің ауласына қара топырақ төгіліп, гүлзарлар орнатылып 60 түп қылқан жапырақты арша ( можжевельник) егілді. Мектептегі күл қоқыстар шығарылып, қураған ағаштардың бұтақтары кесілді. Әр сенбі күні сенбілік өткізілді.