№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» тақырыбымен ZOOM, WhatsApp платформасында жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді.
2020 жылдың 17 қыркүйек күні
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» тақырыбымен ZOOM, WhatsApp платформасында жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар қарастырылды:
1. Мектеп жұмыс істейтін ақпараттық платформа.
2. Оқыту форматтары (синхронды, асинхронды, аралас)
3. Балаларды ынталандыру және жауапкершілігін қалыптастыру.
4. Интернеттегі жұмыс қауіпсіздігі және ата-ана бақылауы мәселелеріне ерекше назар аудару.
Күн тәртібіндегі барлық сұрақтар толығымен қаралды. Ата-аналар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді. Ата-аналар жиналысы соңында бүгінгі тақырыптардың баланы оқыту мен тәрбиелеуде пайдасы зор екендігін, керекті ақпараттар алғандығын жазып, оң пікірлерін білдіріп жатты.