



020 жылдың 1 қыркүйек күні №1 жалпы білім беретін №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Білім күні» мерекесінде коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алуға байланысты шектеулер ескеріліп, оқушылардың ара қашықтық сақтай отырып, арнайы дайындалып, белгіленген бағыттар арқылы оқушылар мектепке қарай беттеді, мектеп алдында медицина қызметкерлері әр оқушының дене қызуын тексеріп, жазып, сынып бөлмелеріне өтті. Кезекші 1-4 сыныптарда әр сыныпта оқушылардың азаматтық белсенділігін қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, Ата заңымызды қадірлеуге, санитарлық –эпидемиялогиялық жағдайды ескере отырып, әртүрлі форматта оқушылардың оқуға және өз денсаулығына құндылықты қарым-қатынасын қалыптастыру, өзін-өзі ұйымдастыруға дағдыландыруға тәрбиелеу мақсатында «Рухани келісім бірлік пен тұрақтылық кепілі», «Достық – біздің тірегіміз» тақырыптарында сынып сағаттары түрінде тек оқушылардың қатысуымен қатаң санитарлық талаптарды сақтап өткізілді. Жаңа оқу жылындағы алғашқы қоңырау әр сыныпқа жеке-жеке соғылды.
Өткенді саралап, болашаққа барлау жасау мақсатында мектеп-гимназиясының директоры Алтынбаева Айгерім Аханқызы және Меркі аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті меңгерушісі Бопиевамен Сапаркүл Тұрғамбайқызы ұстаздар, ата-аналар мен оқушыларды бүгінгі мерекелерімен құттықтады.