26
сентябрь
2020
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Адильбекова А. және ІТ орынбасары Касымова Н ұйымдастыруымен «Сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өтті.
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Адильбекова А. және ІТ орынбасары Касымова Н ұйымдастыруымен «Сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өтті. Вебинар мақсаты: мектеп мұғалімдерін жаңартылған білім мазмұны аясында сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру жолдарымен таныстыру. Вебинарда мұғалімдермен бірлесіп талқылау барысында қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудың мәселелері мен қиындықтары туралы сөз қозғалып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Вебинардың нәтижесі мен қорытындысы шығарылып, алдағы уақытқа ұсыныстар айтылды.