11
ноябрь
2020
"Қалыптастырушы бағалау - бағалаудың тиімді тəсілі " тақырыбында мектептің жас мамандары үшін әдістемелік вебинар өтті.
"Қалыптастырушы бағалау - бағалаудың тиімді тəсілі " тақырыбында мектептің жас мамандары үшін әдістемелік вебинар өтті. Вебинар барысында қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығын, оқыту үдерісінде қалыптастырушы бағалауды түрлендірудің тиімді жолдары қарастырылып, жиынтық жұмыстар тапсырмаларының құрылымдық ерекшеліктері мен қалыптастырушы бағалауда қолданылатын балдық критерийлер, БЖБ,ТЖБ өткізу кезіндегі мұғалімнің қадамдық әрекеттері бойынша ақпараттық шолу жасалды. #1ЖББМГ тарих пәні мұғалімі Сахова Ж.А. өзіндік тәжірибесімен бөлісіп, ортақ сұрақтар бойынша пікір алмасты. Жұмыс соңында келесі on-line басқосудың тақырыбы анықталды.