КӨГАЛДАНДЫРУ– қала, ауыл, тағы басқа елді мекендерде ауаны тазарту, көлеңкелеу үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіру. Көгалдандыру жұмыстары мекенжайларға әсем көрініс береді, шудан, күннен, шаңнан, тағы басқа қорғайды, санитарлық-гигиеналық рөл атқарады
КӨГАЛДАНДЫРУ– қала, ауыл, тағы басқа елді мекендерде ауаны тазарту, көлеңкелеу үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіру. Көгалдандыру жұмыстары мекенжайларға әсем көрініс береді, шудан, күннен, шаңнан, тағы басқа қорғайды, санитарлық-гигиеналық рөл атқарады. Ғылыми деректер бойынша белгілі бір аймақтың 15%-ы көгалдандырылса, шаң-тозаңның мөлшері 20%-ға кемиді, 35%-ға өсімдік өсірілсе, шаң 50%-ға азаяды, ал 65%-ға өсірілсе, шаң 95%-ға кемиді. Жол жағалауларына отырғызылған ағаш пен бұталар, гүлдер мен көгал ауадағы көмір қышқыл газды сіңіріп, ауаны оттегімен байытады, шуды азайтып, мекенжайды желден, күннен және шаңнан қорғайды. Мектеп территориясының көгалдандыру мәселесінің маңызы зор. Себебі балалар 6-жасынан мектепке келіп, 11-жыл өмірін осы жерде күнделікті өткізеді. Осы жерде білім алып, күніне 5-6 сағат осы мектеп территориясында болады. Демек, мектеп территориясында көгалдандыру жұмыстарын дұрыс жүргізу арқылы, қолайлы экологиялық жағдай жасаудың маңызы арта түспек.
Міне бүгінде 2021жылдың 10-шы сәуір күні #1жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 1 наурыз—1мамыр аралығында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша екі айлық іс-шара жоспарына сәйкес "Тазалық сақтау-ортақ іс" атты сенбілік өткізіліп, мектеп ауласын жазарту мен көгалдандыру жұмыстарына мектеп жас мамандарда қатысты. Жас мамандар "Жас маман аллеясын" ұйымдастырып 100 түп раушан гүлін отырғызды