14
декабрь
2022
Жас мамандарға арналған коучинг
Асанбай Асқаров атындағы ЖОББМГда 14 желтоқсан күні заманауи білім берудің әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы мұғалімдердің шеберлігін арттыруға арналған коучинг өткізілді. Жас мамандар алма, банан, жүзім арқылы үш топқа бөлінді.
Әр топқа тапсырма берілді: Ментальды карта арқылы жұмыс жасалды 1-топ Қысқа мерзімді жоспарды құрастыру (басынан аяғына дейін) 2-топ Бағалау критерийлері мен бағалау түрлерін
құрастырып ұсынды, 3-топ Әдіс-тәсілдер, дескрипторлар және стратегиаларды құрастырып ұсынды. Әр топ жұмыстарын қорғады және бірін бірі 2-жұлдыз, 1-тілек арқылы бағалады.Органайзер арқылы кері байланыс жүргізілді. Жас мамандар өз сабақтарында ментальды картаны қолдануғаыңғайлы екендігіне көз жеткізді.