22
ноябрь
2018
Коучинг "Бала құқығын қалай қорғаймыз?"
№1ЖББ мектебінің тарих пәні мұғалімі Ж.А.Сахова 3 қараша күні «Бала құқығын қалай қорғаймыз?» тақырыбында сынып жетекшілермен коучинг өткізді. Коучинг мақсаты мұғалімдер бала құқығын қорғауда мұғалімдердің әсерінің тиімділігін көрсету. Коучингкке сынып жетекшілермен бірге мектеп директоры А.А.Алтынбаева қатысты. Әріптестер берілген тапсырманы кезең-кезеңімен белсенділік таныта отырып орындады. Әсіресе рөлдік ойын арқылы өз мектебіміздегі проблеманы анық көрсетіп, оның шешілу жолдары ұсынылды. Коучингтің әр кезеңінде «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бас бармақ» әдістері арқылы қалыптастырушы бағалау жүріп отырды. Ауызша және жазбаша кері байланыс алынды.