Жұмысқа қабылдау комиссияның қорытындысы
2022 жылдың 5 қаңтар күні №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 3-тарау 1-параграфаның 90 тармағына сәйкес бос орынға педагог лауазымдарға тағайындау конкурс өткізілді.Аталған бұйрықтың 107 тармағына сәйкес бос орынға өзін-өзі тану пәні мұғалімі Нурмаханбетова Мөлдір Маратқызы құжат тапсырған болатын. Конкурстық комиссия төрайымы мен мүшелері кандидатың құжатын Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген ұпайды есептеуді жүзеге асырды, нәтижесінде өзін-өзі тану пәні мұғаліміне кандидат Нурмаханбетова Мөлдір Маратқызы 26 ұпай алғаны анықталды. Конкурстық комиссия отырысының шешіміне сәйкес Нурмаханбетова Мөлдір Маратқызы бос орынға өзін-өзі тану пәні мұғаліміне тағайындауға мектеп директоры М.Б.Бексултановаға ұсыныс берілді.