30
сентябрь
2024
Информатика пәні мұғалімі (қазақ, орыс сыныптарына) лауазымына тағайындау
2024 жылдың 27 қыркүйек күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 3-тарау 1-параграфының 135 тармағына сәйкес конкурстық комиссия отырысы өткізілді. Аталған бұйрықтың 154 тармағына сәйкес бос информатика пәні мұғалімі (қазақ, орыс сыныптарына) лауазымына Касымова Нурзада Койшыгуловна, құжат тапсырған болатын. Конкурстық комиссия төрайымы мен мүшелері үміткердің құжатын Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырды, нәтижесінде бос информатика пәні мұғалімі (қазақ, орыс сыныптарына) лауазымына Касымова Нурзада Койшыгуловнаның 7 балл алғаны анықталды. Жоғарыда аталған бұйрықтың 163 тармағына сәйкес конкурстық комиссияның нәтижесінде Касымова Нурзада Койшыгуловна бос информатика пәні мұғалімі (қазақ, орыс сыныптарына) лауазымына тағайындауға мектеп директоры М.Б.Бексултановаға ұсыныс берілді.