13
ноябрь
2024
Директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары (қазақ, орыс сыныптарына) лауазымына тағайындау
2024 жылдың 12 қараша күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 3-тарау 1-параграфының 135 тармағына сәйкес конкурстық комиссия отырысы өткізілді. Аталған бұйрықтың 154 тармағына сәйкес бос директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары (қазақ, орыс сыныптарына) лауазымына Әлмеш Нұрсұлу Есмидинқызы, құжат тапсырған болатын. Конкурстық комиссия төрайымы мен мүшелері үміткердің құжатын Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырды, нәтижесінде бос директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары (қазақ, орыс сыныптарына) лауазымына Әлмеш Нұрсұлу Есмидинқызының, 17,5 балл алғаны анықталды. Жоғарыда аталған бұйрықтың 163 тармағына сәйкес конкурстық комиссияның нәтижесінде Әлмеш Нұрсұлу Есмидинқызы,бос директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары (қазақ, орыс сыныптарына) лауазымына тағайындауға мектеп директоры М.Б.Бексултановаға ұсыныс берілді