10
октябрь
2024
Қосымша білім беру педагогі (қазақ сыныптарына) лауазымына тағайындау
2024 жылдың 9 қазан күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 3-тарау 1-параграфының 135 тармағына сәйкес конкурстық комиссия отырысы өткізілді. Аталған бұйрықтың 154 тармағына сәйкес бос қосымша білім беру педагогі (қазақ сыныптарына) лауазымына Әділбаев Марат Берікбайұлы, құжат тапсырған болатын. Конкурстық комиссия төрайымы мен мүшелері үміткердің құжатын Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырды, нәтижесінде бос қосымша білім беру педагогі (қазақ сыныптарына) лауазымына Әділбаев Марат Берікбайұлының 8 балл алғаны анықталды. Жоғарыда аталған бұйрықтың 163 тармағына сәйкес конкурстық комиссияның нәтижесінде Әділбаев Марат Берікбайұлы, бос қосымша білім беру педагогі (қазақ сыныптарына) лауазымына тағайындауға мектеп директоры М.Б.Бексултановаға ұсыныс берілді