Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, математика.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясында 2025 жылдың 29 қазан күні бос лауазымдарға кандидаттарды қабылдау үшін конкурстық комиссия отырысы болып өтті. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3 тарауына сәйкес өткізілді.
Конкурсқа тапсырған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (1 бірлік), математика пәні мұғалімі (1 бірлік) лауазымына үміткерлердің құжаттары толық қаралды.
Математика пәнінен мұғалімі лауазымына үміткер қатыспады.
Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (1 бірлік) лауазымына Керимкулова Молдир Уалишановна ұсынылды.