25
январь
2022
«Сен өмір кереметсің, өмір мәңгілік, мен өмірді сүйемін»
«Сен өмір кереметсің, өмір мәңгілік, мен өмірді сүйемін»
2022 жылдың 25 қантар күні #1жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында«Сен өмір кереметсің, өмір мәңгілік, мен өмірді сүйемін»тақырыбында 10-11сынып оқушыларымен сынып сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты:
- өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
- оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;
- оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу болып табылды. Әр мәселенің шешімі бар екендігі де айтылды.