21
октябрь
2022
«Вейп өте қауіпті»
2022 жылдың 21 қазан күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Вейп өте қауіпті» тақырыбында кездесу өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты: оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрету. Іс-шараға ДҚТЖО А.Таукебаева және мектеп медбикесі Г.Атикова қатысты. Электронды темекінің зияндығы және оның адам ағзасына алып келер аурулар түрімен таныстырды.«Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам –табиғаттың ең бағалы туындысы» екендігі туралы мектеп медбикесі өз сөзінде айтып кетті.