28
март
2023
«Жас полиция көмекшілер» тобымен мектепке жақын орналасқан тастанды ғимараттарды аралап, балалар үшін қауіпті деп табылған ғимараттарға "Қауіпті аймақ" ескертпе тақтайшасы ілінді
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ведомствоаралық комиссияның шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасында қылмыстың алдын алудың кешенді жоспарын іске асыру мақсатында 28.03.2023 күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының мобильді топ мүшелері, Меркі аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды полиция тобының участкелік полиция инспекторы полиция сержанты Арна Маңызқызы «Жас полиция көмекшілер» тобымен мектепке жақын орналасқан тастанды ғимараттарды аралап, балалар үшін қауіпті деп табылған ғимараттарға "Қауіпті аймақ" ескертпе тақтайшасы ілінді. Оқушылардың мектептен үйге дейінгі жол қауіпсіздігі, әлеуметтік желідегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстары да жүргізілді